Балтық теңізінің түбінде тағы кабель ақауы анықталды
АСТАНА.KAZINFORM — Балтық теңізінде Финляндия мен Эстонияны байланыстыратын теңіз астындағы электр кабелі зақымданды. Финляндия билігі бұл оқиғаға қатысты тергеу бастап, ақаудың қасақана жасалуы да мүмкін деген болжам жасады.

Euronews телеарнасының хабарлауынша, сәрсенбі күні түстен кейін Балтық теңізінің түбіндегі Финляндия мен Эстонияны жалғайтын электр сымы үзілген. Бұл Балтық теңізіндегі телекоммуникациялық кабельдер мен энергетикалық құбырлардың зақымдануына байланысты оқиғалар сериясының соңғысы.
Финляндия премьер-министрі Петтери Орпо «X» әлеуметтік желісіндегі жазбасында «Финляндия мен Эстония арасындағы Estlink 2 электр желісі бүгін түстен кейін өшірілгенін» мәлімдеді.
Финляндияның ұлттық тарату желісі операторы Fingrid мәлімдемесінде EstLink 2 кабелі жергілікті уақыт бойынша 12:26–да (CET 11:26) үзілгенін айтты. Компания бұл оқиға Финляндияда электр қуатының үзілуіне әкелетінін, Хельсинкиде электр қуаты жеткілікті екенін айтты.
Fingrid операциялар бөлімінің басшысы Арто Пахкин финдік Yle телеарнасына берген сұқбатында «ақау қасақана жасалуы мүмкін» деген болжам айтты. Бұған дейін Скандинавия елінің билігін Балтық теңізіндегі суасты инфрақұрылымының жағдайы алаңдатқан болатын. Қараша айында екі байланыс кабелі кесілді, оның бірі Финляндия мен Германия, екіншісі Литва мен Швеция арасында өтеді.
Қазан айында «Финляндия-Эстония» теңіз астындағы газ құбыры шетелдік жүк кемесі зәкірден құлап, зақымданған.
«Солтүстік ағын» газ құбыры да 2022 жылдың қыркүйегіндегі су астындағы жарылыстардан зардап шеккен болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Каспий теңізінің түбіне оптика төсеуге 1 100 тонна кабель қажет екенін жазған болатынбыз.