Балуан Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Нилуфар Раимова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.

Балуан Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық балуан 57 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Шри-Ланка өкілі Нетми Ахинса Фернандоны айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша, Нилуфар Раимова Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті қола медальді салды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) қола алды.