«Балуан Шолақ» фильмі Дағыстанда көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпаз, күш өнерін көрсеткен спортшыс, жауырыны жерге тимеген балуан Балуан Шолақ (Нұрмағанбет Баймырзаұлы) туралы фильм Дағыстанда көрсетілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда «Балуан Шолақ» фильмі 18 сәуірден бастап прокатқа шығады.

«Жалпы, Америка тарапымен келіссөз жүргізіліп жатыр. Осы жақында белгілі болады. Біз оларға трейлерді жіберіп едік, қатты ұнатып отыр. Бүгін бір-екі күнде субтитрмен фильмнің ағылшынша нұсқасын Америкаға жібереміз. Содан кейін жауабын айтады. Сонымен бірге, бұйырса, 10 мамырдан бастап фильм Дағыстанның бес қаласында көрсетіледі. Сонымен бірге, фильмді Беларусь, Украина секілді мемлекеттерде көрсетуді мақсат етіп отырмыз», - деді Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік-академиялық драма театрының директоры Сәбит Әбдіхалықов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Өз кезегінде режиссер Нұргелді Садығұлов аталмыш туынды - Балуан Шолақ бабамыз туралы тұңғыш фильм екенін сөз етті.

«Сондықтан, осы фильмде Балуан Шолақ бабамыздың бейнесін барынша, қолымыздан келгенше шынайы көрсетуге тырыстық. Мен деректі фильмдердің режиссері болғандықтан, біраз жұмыстар жасадым. Сценарий авторы - жазушы Дулат Исабеков. Фильмнің сценарийі М.Әуезов атындағы театрдың «Жау жүрек» қойылымының желісімен жазылған. 1998 жылдан бастап Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқып жүрген кезімнен Балуан Шолақтың өміріне қызығушылық танытқым келеді. Дулат ағамыздың пьесаларын көріп, Дулат ағаның алдына барып, батасын алдым. Ол кісі қолдады. Сол пьесаның желісі бойынша сценарий жасалды», - дейді режиссер.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚазАқпарат тілшісіне фильм режиссері Нұргелді Садығұлов «Балуан Шолақ» фильмі қалай түсірілгенін айтып берген болатын. Фильмінің трейлерін мына сілтемеден көруге болады.

Фото: brod.kz

Соңғы жаңалықтар