Балық аулап жүрген екі ер адам ажал құшты

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қазақстанның екі аймағында балық аулау кезінде екі ер адам суға батып кетті.
None
None

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бірінші оқиға Ақтөбе облысына қарасты Хромтау ауданындағы Табантал өзенінде орын алды. 7 қазан күні сағат 13:30-да балық аулау кезінде 72 жастағы ер адам суға батып кетті. Оның мүрдесі судан Ақтөбе облыстық ТЖД-гі су-құтқару қызметі жеке құрамының 4 адамы және 1 техникасының көмегімен шығарылды.

Екінші оқиға Қарағанды облысына қарасты Осакаров ауданындағы Молодежный кентінен 25 шақырым жерде орналасқан Сәтбаев атындағы арнада болды. Мұнда 7 қазан күні сағат 16:00-де балық аулау кезінде 59 жастағы ер адам суға батып кетті. Оның мәйітін судан оқиғаны көргендер алып шықты.

Соңғы жаңалықтар