07:17, 25 Наурыз 2014 | GMT +5
Балық балалар ұйқысыздығымен күреседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Балық ұйқы бұзылысымен күреседі. Оксфорд ғалымдары бірқатар зерттеулер жүргізіп, балықтың ұйқысыздықпен күресуде таптырмас өнім екенін анықтады.
Мамандар ұйқы бұзылысымен зардап шегіп жүрген үш жас пен жеті жас аралығындағы 350 баланы бақылаудан өткізген. Тәжірибе барысында олар балаларды екі топқа бөлді.
Төрт ай бойы жүргізілген зерттеуде балалардың бір тобы Омега-3 қосындысы бар тағамдарды пайдаланса, екінші топ плацебо қолданған.
Нәтижесінде алғашқы топтың балалары түнде сирек оянып, ұйқылары ұзарған. Осыған сәйкес ғалымдар балық ұйқы бұзылысын қалыпқа келтіреді деген қорытынды жасауда, деп жазады росбалт.