14:15, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Балықшы токқа түсіп қалды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында балық аулаумен байланысты тағы бір қайғылы оқиға орын алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жамбыл ауданындағы Гродиково ауылының маңында осы жердің 30 жастағы тұрғыны балық аулау кезінде токқа түсіп, ауыр күйік жарақатын алды. Зардап шегуші қалалық №2 ауруханаға жеткізілді. «Тараз электр желісі» мекемесінің ақпараты бойынша, жарық сөнбеген, бұл факті ешқандай нысанның жұмысына әсер етпеген. Өткен аптаның соңында Жамбыл облысының Пригородный кенті маңындағы Тятюшка өзенінің жағасынан ауыл тұрғындары екі жасөспірімнің өлі денесін тапқанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сәкен Әшімәлиевтің айтуынша, 15 жасар балықшылар ток жүріп тұрған сымның бір ұшын жоғары кернеулі желіге іліп, екінші ұшын суға салған. Осындай браконьерлік әдіспен олар балық ауламақ болған. Осы ауданның Жалпақтөбе ауылында тұратын екі оқушы да қайғылы оқиғаның салдарынан оқиға орынында көз жұмған.
Статистика бойынша, соңғы бірнеше жылда Жамбыл облысында балық аулаудың осындай әдісінен бірнеше ересек адам өмірмен қоштасқан.