Балықтар табиғи себептерден қырылуда - Жоғарғы Тобыл су қоймасы

ҚОСТАНАЙ.  Шілденің 13-і.  ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Жергілікті мамандардың  пікірінше, Жоғарғы Тобыл  су  қоймасындағы балықтар  судың   ысып  кетуі  салдарынан  қырылып  жатыр,
None
None

деп   хабарлайды  ҚазАқпарат   тілшісі.

Бұдан бұрын хабарланғанындай,   өткен  жұмада  бірнеше тонна   балықтың  су  бетінде  қалқып  жүргені    байқалған  болатын.   Оқиғаның  мән-жайын тексеру  үшін  облыс әкімінің  орынбасары Нұралы Сәдуақасовтың  жетекшілігімен   комиссия  құрылды.   Алынған су  мен өлген балықтың  сынамалары,   алдын-ала мәліметтер бойынша,      улану немесе   қандай  да бір инфекция  туралы  айтуға   мүмкіндік бермей  отыр.  Комиссия мүшесі,  облыстық балық инспекциясының   өкілі Виктор  Трубицынның  мәлім етуінше, «бұл жерде балықтардың  жаппай  қырылуы  туралы емес,  су температурасының  ысып кетуі салдарынан     сиг  тұқымдас балық популяциясының   біраз  бөлігінің   табиғи   қалдығы  туралы  сөз болып отыр». 

В.Трубицынның айтуынша, «су 20 градус деңгейге  дейін қызып  кетіп,  рипус,  табан балықтар  оған шыдай алмаған».  Мамандардың айтуынша,  сиг тұқымдас   балықтар   Қазақстанның  тоғандарына тән емес,  оларды   бұл өңірге  кеңес    жылдары   осы  балық   тұқымдарын   бейімдеу  және жерсіндіру  жөніндегі    көп жұмыс атқарған  ғалымдар   әкелген.   «Балықтардың   локальды   қырылу   фактілері   жыл сайын   болып отырады,  бірақ  биыл бұл  үдеріс жылдағыдан   ауқымдырақ   болды»,  деп атап көрсеткен   В.Трубицын,    алаңдауға негіз жоқ  екенін  айтты.

Соңғы жаңалықтар