14:29, 30 Наурыз 2014 | GMT +5
Балықты адамдарша аулайтын ақылды құс - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - youtube.com бейнепорталында жуырда пайда болған бейнероликте аққұтандар тобына жататын жасыл квакваның балық аулау кезіндегі ақылдылығын тамашалауға болады.

Балықшы құс балық аулау үшін нан қиқымын суға тастайды да, өзі сол наннан көз алмай, аңдып отырады. Су толқынымен алыстап бара жатқан қоқымды қайтадан жақындатып қояды. Дегенмен, нанды өзіне өте жақын жерге тастаса, балық үркіп келмей қоятынын жақсы білетін ақылды құс белгілі бір арақашықтықты ұстайды.
Ақыры су бетінде қалқыған нанды жемек болған балықты ақылды құс қағып алады. Ғалымдардың айтуынша, бұл құс аяғы қысқа болғандықтан, суға дендеп ене алмайды. Ал оның аулағысы келген балықтары жағаға жақын келмейді. Сондықтан ол осындай әдістерге баруға мәжбүр, деп жазады шетелдік БАҚ.