Бангкокта алты үндістандық хайуанаттар бағындағы жануарларды заңсыз әкетпек болған

THAI CUSTOMS DEPARTMENT
Фото: THAI CUSTOMS DEPARTMENT

АСТАНА. KAZINFORM — Таиланд кеденшілері қызыл панда мен басқа да жануарларды елден заңсыз алып өтпек болған алты Үндістан азаматын ұстады. Бұл туралы BBC жазды. 

Кеденшілер 87 жануардың, оның ішінде жыландар мен тотықұстар табылғанын айтты. Күдіктілер бұл «хайуанаттар бағын» Бангкоктан Мумбайға ұшатын рейске заңсыз алып өтпек болған.

Контрабандашылар кінәлі деп танылса, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тайланд кеденшілері себеттегі қызыл панданың, сондай-ақ пластик ыдысқа салынған тотықұстың суретін жариялады.

Әлемдік қара нарықта сатылатын жануарлардың едәуір бөлігі Тайланд арқылы тасымалданады. Олар әдетте Қытай мен Вьетнамға жөнелтіледі, бірақ кейінгі жылдары Үндістанға контрабандалық жолмен көбірек жануарлар әкелініп жүр.

Қызыл пандалар Қытайдың, Үндістанның, Непалдың, Бутанның және Мьянманың таулы ормандарын мекендейді. Оларды аулаушылардың көптігінен және тіршілік ету ортасының бұзылуынан жабайы табиғатта тіршілік етуіне қауіп төніп тұр. Қазір олардың саны 10 мыңнан аз.

Соңғы жаңалықтар