Бангладеш астанасындағы әуежайда ірі өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Бангладештің астанасы Дакка қаласындағы Хазрат Шахджалал халықаралық әуежайының жүк терминалында өрт болды, деп хабарлайды Анадолу.

В аэропорту столицы Бангладеша произошел пожар
Фото: Анадолу

Dhaka Tribune басылымына Бангладеш Азаматтық авиация басқармасының өкілі Каусер Махмудтың айтуынша, өрт негізінен импорттық тауарлар сақталатын жүк терминалында шыққан.

Оқиға орнына Бангладеш армиясы, қауіпсіздік күштері және өрт сөндірушілерден құралған арнайы топ дереу жетіп, өртті сөндіру жұмыстарын үйлестіріп жүргізіп жатыр.

Бангладештің Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс басқармасының өкілі Талха бин Жасимнің мәліметінше, өрт туралы хабар жергілікті уақытпен 14:30-да түскен. Оқиға орнына 37 өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылған.

Әуежай басшылығы қауіпсіздік мақсатында барлық рейстерді уақытша тоқтатып, ұшақтарды ангарлардан басқа аймақтарға ауыстырған.

Өрт салдарынан көптеген ұшулардың бағыты өзгеріп немесе кейінге шегерілді.

Бұған дейін Бангладеште тігін фабрикасынан өрт шығып, 16 адам мерт болған.

Соңғы жаңалықтар