Бангладеште Азиялық-Тынық мұхиты аймағы министрліктерінің алуан түрлі мәдени форумы өтті

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Бангладеш Халықтық Республикасының астанасы Дакка қаласында таяуда Азиялық-Тынық мұхиты аймағы министрліктерінің алуан түрлі мәдени форумы болып өтті.
None
None

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған форумның жұмысына мәдениет министрлері, мемлекеттік хатшылар, университет ректорлары, Азиялық-Тынықмұхиттық аймақтың 33 мемлекеттерінің алдыңғы қатардағы халықаралық мекемелерінің мәдени және ғылыми топтарындағы өкілдері қатысты. Аталған беделді форумды Қазақстан тарапынан Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаев таныстырды. Форумның басты қонағы ретінде ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Бокова болды.

Форумды Бангладештің Премьер-Министрі Шейх Хасина ханым ашты. Пленарлық отырыстарда, ал олардың  жалпы саны алты болды, қатысушылар мәдени өзін-өзі білдіру формаларының алуан түрлігін көтермелеу мақсатындағы және мәдениет саясаты мәселелерін қолдау, қабылдау және жүзеге асыру мен оның өлшемдері туралы талқылады.

А.Бөрібаев «Мәдени өзін-өзі білдіру формаларының алуан түрлігін қолдау, қабылдау және мерекелеу атты тақырыптағы» үшінші пленарлық отырысқа төрағалық етті. Күн тәртібінде Азиялық-Тынықмұхиттық аймақта саясат қатынасындағы мәдени өзін-өзі білдіру формаларының алуан түрлігін көтермелеу саласында ақпараттар жинау мен алмасу үшін жалпы платформа құру мәселелері талқыға салынды.

Форумның қорытындысы ретінде мәдени өзін-өзі білдіру формаларының алуан түрлігін көтермелеу бойынша қорытынды Дак декларациясы қабылданып, бекітілді.

Соңғы жаңалықтар