Банк секторында былтырғы негізсіз болжамдардың ешқайсысы жүзеге аспады - ҚР Ұлттық банк төрағасы

АЛМАТЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Өткен жылғы негізсіз болжамдардың бәрі жоққа шықты. Оны ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ірі 1 не 2 банк жабылады, банктердегі сыртқы берешекті қайта құру сәтсіз аяқталады, депозиттердің кету ағыны болады деген сияқты болжамдардың ешқайсысы жүзеге аспады. Банктер жұмысын тоқтатқан жоқ. Альянс банктегі қайта құрылымдау аяқталды, ал БТА банкте ол алғашқы тоқсанда аяқталады деп жоспарлануда. Банк секторындағы сыртқы қарыз айтарлықтай қысқарып, 2007 жылғы 46 миллиард доллардан, қазір 28,4 миллиард долларға дейін азайды. Бұл қайта құрылымдаудың есебінсіз. Қайта құрлымдау аяқталған кезде ол тағы 10 миллиардтқа азаймақ», дейді Григорий Марченко. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, бұдан кейін банк секторындағы сыртқы берешектердің мәселесі шешілетін болады. Сондай-ақ сыртқы қарыздағы банк секторының үлесі де айтарлықтай азаяды.

Соңғы жаңалықтар