Банк төлемді азайтудан бас тартса, қарыз алушылар не істеуі керек

АСТАНА. KAZINFORM — Тәуелсіз банк саласы жөніндегі сарапшы Нұржан Бияқаев бірнеше банктен кредит төлемін өтеуде қиындыққа тап болған қарыз алушыларға кеңес берді.

Елімізде микрокредит беру қағидалары бекітілді
Фото: Pixabay.com

Jibek Joly арнасындағы эфирде ол банк бір немесе екі рет қарызды қайта қарау жасаған болса, оны «сәттілік» деп санауға болатынын айтты. Дегенмен қаржы ұйымдары мұндай жағдайда мерзімін дұрыс есептеуі тиіс.

Сарапшының айтуынша, егер қарыз алушы банк әрекетінің заңдылығына күмәнданса, екі жолы бар: ресми сайт арқылы банктік омбудсменге жүгіну немесе Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымдану.

Нұржан Бияқаев сондай-ақ қарызды қайта қарау кезінде сақтандыру сомасының несиеге қосылатынына назар аударды.

«Сақтандыруды банктер несие берген сәтте ұсынады немесе мәжбүрлейді. Бұл – қалыпты тәжірибе, бірақ артық төлем жасамау үшін шарттарды мұқият тексеру керек», – деді ол.

Сарапшы алдағы уақытта күшіне енетін жаңа өзгерістерге де тоқталды. Оған сәйкес, банктер табысы соңғы 12 айда кемінде 30 пайызға азайған қарыз алушыларға үш айдан кем емес мерзімге төлемді кейінге шегеруге міндеттелмек.

«Мәселе туындай салысымен банкке жазбаша өтініш жасауға толық құқығыңыз бар», – деп түйіндеді Бияқаев.

Айта кетейік, Қазақстанда банктерді мемлекеттік қолдауға шектеу енгізілмек.

Соңғы жаңалықтар