Банкаралық депозиттердің көлемі 2,7 пайызға өсті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Орналастырылған банкаралық теңгелік депозиттердің көлемі 19,8 пайызға өсіп, 1341,7 миллиард теңгені құрады. Бұл Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Банкаралық депозиттердің 41,4 пайызы теңгеде. Орналастырылған теңгелік депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі тамызда 0,74-ден 0,86 пайызға дейін өсті. Ұлттық банктің банктерден тартқан депозиттерінің көлемі шілдемен салыстырғанда жаздың соңғы айында 2,4 пайызға немесе 1328,2 миллиард теңгеге дейін ұлғайды. Алдыңғы айға қарағанда тамызда орналастырылған доллардағы депозиттердің көлемі 3,1 пайызға азайып, 11,4 миллиард долларды құрады. Бұл депозиттердің жалпы көлемінің 51,6 пайызы. Ондағы орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 0,20 пайыздан 0,21 пайызға өсті. Тамызда еуромен орналастырылған депозиттердің көлемі 1,1 миллиард еуроны құрап, 27,4 пайызға төмендеді. Ол депозиттердің жалпы көлемінің 6,3 пайызы. Еуромен орналастырылған депозиттердің орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 0,42-ден 0,32 пайызға дейін азайды. Жалпы шетел валютасындағы банкаралық депозиттердің үлесі тамызда орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінен 64,5-тен 58,6 пайызға кеміді. Резидент емес банктерде орналастырылған шетел валютасындағы депозиттердің үлесі де 64,1-ден 58,6 пайызға дейін азайып отыр.

Соңғы жаңалықтар