Банкоматты тонамақ болғандар ондағы ақшаларды өртеп алды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Американың Вашингтон штатындағы Эверетт қаласында банкомат тонамақшы болған ұрылар байқамай сақталған ақшаны өртеп алды, деп хабарлайды UPI.

Банкоматты тонамақ болғандар ондағы ақшаларды өртеп алды

Полиция  қызметкерлерінің болжауынша, қылмыскерлер қабырғадан тесіп саңылау жасау және құрылғы корпусын ажырату үшін дәнекерлеуіш шамын пайдаланған.  Олар ақша орналасқан контейнерге жеткен сәтте, жалын бағалы қағазды шарпып, өртеп үлгерді.

Жергілікті банктің операциялық директоры Джон Диксонның (John Dickson) мәлімдеуінше, банкоматта жатқан барлық ақша жанып кеткен. Күдіктілер де ештеңе алып үлгермеген. 

null