Банкрот деп танылған жеке тұлғалардың жалпы қарызы 16,7 млрд теңгеден асады

473 елордалық банкрот деп танылды
Фото: azattyq-ruhy.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік кірістер комитеті 16,7 млрд теңгеден астам қарызы бар қазақстандықтардың «банкрот» деп танылғаны мәлімделді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегіне сүйенсек, бүгінде 8 986 азамат «банкрот» деп танылды. Олардың жалпы қарызы - 16,7 млрд теңгеден астам.

«Азаматтар өзін банкрот деп тануға өтінішті E-gov, E-gov Mobile және E-Salyq Azamat қосымшасы арқылы жібере алады. Түскен өтініштер 22-ден астам мемлекеттік органдар және ұйымдардың базалары арқылы және 11 екінші деңгейдегі банктермен интеграциялау жолымен өңделіп, тексеріледі», - деді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов ОКҚ-де өткен брифингіде.

Еске сала кетейік, 2023 жылы 3 наурызда елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды.

Аталған процесс туралы толығырақ осы сілтемеде танысуға болады.

Айта кетсек, таяуда небары 2 978 теңге қарызы бар қазақстандықтың банкрот деп жарияланғаны туралы хабарлаған едік. Кейін ол жағдайға түсінік берілді.

Соңғы жаңалықтар