Банкрот жеке тұлғаның портреті жасалды

банкрот
Фото: Кazinform

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы жылдың статистикасы негізінде банкрот жеке тұлғаның портретін жасады. Бұл туралы Кazinform ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Бүгінгі күнге 5 мыңдай азамат қаржылық ұйымдар алдында банкрот деп танылды. Олар 5 жылдан астам уақыт бойы берешегін төлемей жүрген 58% ер және 42% әйел азаматтар.

Қазіргі таңда 6,2 мыңға жуық соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш қабылданды, оның 58%-ы ерлер және 42%-ы әйелдер.

Банкрот деп танылған тұлғалардың орташа жасы 36-дан 45 жасқа дейін. Бұлар жалпы банкроттардың 35%-ын құрайды. Ең жасы - 19 жаста, ең егдесі – 76 жаста.

Мұндай санатқа жататын азаматтар тұрақты жұмыс істемейді, яғни, олардың өз берешегін өтеуге қаражаты болмайды.
Сондай-ақ ҚНРДА-мен бірге халықтың қарыздық ауыртпалығына жол бермеу бойынша заңнамалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, қарыздарды алу талаптарын қатаңдату жоспарлануда, оның ішінде мерзімі 90 күннен асып кеткен қарызы барларға тыйым бар. 

Соңғы жаңалықтар