Банктен аса ірі көлемде қаржы ұрланудың алдын алған Жанар Қажыбаеваға құрмет көрсетілді

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - «БанкТұранӘлемнің» Көкшетаудағы филиалында облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлерімен бірлескен басқосуда аса ірі көлемде қаржы ұрланудың жолын кескені үшін Жанар Қажыбаеваға БТА-банкі басқармасының құрмет грамотасы мен бағалы сыйлық табысталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға өткен жылдың жазында болған. Алаяқтар жалған құжатпен банктен бөгде біреудің есепшотынан 35 миллион теңге жымқыруға әрекеттенген. Тапсырылған құжаттардағы заңсыздықтар мен күдікті аңғарып қалған банктің бас маманы Жанар Қажыбаева дер кезінде тиісті орындарға хабарлап үлгереді. Нәтижесінде күдіктілер «оңай олжаға» кенелудің орнына теміртордың ар жағынан шыққан. Көкшетау филиалының директоры Бақыт Оспановтың айтуынша, банк қызметкерінің өз міндетіне деген жауапкершілік, сақтық, ұқыптылық нәтижесінде қылмыстың алды алынған. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысынан келген қылмыстық топ мүшелері сот үкімімен әділ жазасын алды.

Соңғы жаңалықтар