Банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы қазақстандықтарға үндеу тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Kaspi Bank, Home Credit Bank, Forte Bank, Eurasian Bank және Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығы алаяқтық мәселесі бойынша халыққа үндеу жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үндеу мәтінінде соңғы кездері қазақстандықтардың қаржылық алаяқтықтың құрбанына айналу фактілері жиілеп кеткені айтылады. Алаяқтық әрекеттерінің сценариі бойынша, делдал фирмалар банктен несие алуды және алған қаражаттың бір бөлігін өздеріне беруді ұсынады. Ол үшін борышкердің орнына несиені жауып, банкпен туындайтын барлық мәселені шешуге уәде береді. Ал ақшаны алған соң әлгі «фирмалар» тайып тұрады.

«Біз жеке және заңды тұлғаларға несие беру немесе жабу мәселесінде үшінші тұлғалармен, ешқандай делдалдық компаниялармен ынтымақтастық жасамаймыз. Банкпен несие қатынастары «Банктер және банк қызметі туралы» заңымен реттеледі», - делінген үндеуде.

Банк өкілдерінің айтуынша, аталған компаниялардың қызметінде алаяқтықтың барлық белгілері кездеседі, олар азаматтарды алдап-арбауға бағытталған.

«Өткен жылдың өзінде Қазақстанда осы тақылеттес фактілер бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция Семейде қаржылық алаяқтықтарға күдікті екі фирмаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», - делінген үндеу мәтінінде.

Соңғы жаңалықтар
telegram