Банктердің кредиттік ресурстары қол жетімділігінің өсуі байқалады

АЛМАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сауда, өңдеу және құрылыс салаларында инвестициялық және кредиттік белсенділік елеулі жақсарды.
None
None

Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Қазанда 3-тоқсан бойынша экономиканың нақты секторындағы ахуалды бағалау мақсатында кәсіпорындардың кезекті мониторигі жүргізілген.

Банктердің кредиттік ресурстары қолжетімділігіне белгілі бір өсу байқалады. Оған теңгемен берілетін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі және банкке кредит алу үшін өтініш білдіріп оны ала алмаған кәсіпорындар санының төмендеуі айғақ бола алады.

Г. Марченконың айтуынша, кредиттерін айналым қаражатын және инвестицияларды қаржыландыру үшін пайдаланатын кәсіпорындардың саны ұлғайды. Инвестицияларды қаржыландырмаған кәсіпорындардың үлесі 39,2-ден 35,3 пайызға төмендеді. Ауыл шаруашылығынан басқа салаларда баяу қарқынмен болса да кәсіпорындардың өніміне деген сұраныстың өсуі жалғасты.

3-тоқсанда өсудың баяулауына қарамастан, шикізат пен материалдардың бағасы жоғары боп қалды. Оны атап өткен кәсіпорындар 52,7 пайызды құрады. Алдағы тоқсанда енді бағаның өсу қарқыны біршама баяулайды деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар