Банктерге тиесілі валюта айырбастау бекеттері азайып, банктен тыс бекеттер көбейген
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк Kazinform сауалына жолдаған жауапта валюта айырбастау нарығындағы ойыншылардың құрылымы туралы ресми статистиканы атады.

- 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы қолма-қол шетел валютасы нарығында 2 082 айырбастау пункті жұмыс істейді (01.01.2025 ж. – 2 078, 01.01.2024 ж. – 2 147, 01.01.2023 ж. – 2 114). Оның ішінде банктер мен «Қазпошта» АҚ-ға тиесілісі – 1 517 (72,86%) (01.01.2025 ж. – 1 514, 01.01.2024 ж. – 1 618, 01.01.2023 ж. – 1 645), ал банктік емес айырбастау пункті – 565 (27,14%) (01.01.2025 ж. – 564, 01.01.2024 ж. – 529, 01.01.2023 ж. – 469) бар, - деп жазады Ұлттық банк мамандары.
Бұдан шығатын қорытынды – бір жылда банктерге тиесілі айырбастау бекеттерінің саны кеміп, жеке кәсіпкерлерге тиесілі бекеттердің саны артқан.
- 2025 жылдың басында айырбастау пункттерінің жалпы саны 1 жыл ішінде 69-ға азайған. Бұл банктік айырбастау пункттерінің 104-ке азайып, банктік емес айырбастау пункттерінің саны 529-дан 564-ке дейін, яғни 35-ке өсуіне байланысты болды, - делінген жауапта.
Еске салсақ, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов көшедегі валюта бағамының кестелерін ілуге неге тыйым салып жатқандарын түсіндірген болатын.