Бәрі баяғыдан сыбырлап айтып жүрген жайттар талқыланды — сарапшы Вашингтондағы кездесу жайында
АСТАНА. KAZINFORM — Вашингтонда Дональд Трамп, Владимир Зеленский және еуропалық көшбасшылар қатысқан келіссөздер аяқталды. Осы орайда саясаттанушы Әділ Сейфуллин кездесудің негізгі қорытындыларына қаатысты пікірін Kazinform тілшісіне білдірді.

— Дональд Трамптың Владимир Зеленскиймен және Еуропа көшбасшыларымен келіссөздері соңғы уақыттағы Украина төңірегіндегі ахуалды түзетуге бағытталған ең танымал әрекет десек болады. Ақ үйде бәрі баяғыдан сыбырлап айтып жүрген «Украинаны НАТО кіргізбей-ақ және істі АҚШ пен Ресейдің бетпе-бет қақтығысына жол бермей қалай қорғауға болады» деген сынды жайттар талқыланды, — деп атап өтеді сарапшы.
Оның айтуынша, Трамп Вашингтон көмектесуге дайын екенін аңғартты, бірақ өзіне тән мәнерде «нақты мәліметтерді бұлыңғырлатып» жіберді.
— Ол Украинаны «өте жақсы қорғауға» уәде берді. Бірақ бұл сөздердің астарында не жатқанын нақтыламады. Ал Еуропа болса бұл мәселеге нақтырақ қарады: көшбасшылар қару-жарақ жеткізу, қаржыландыру, тіпті бітімгер контингенті туралы мәселені қарастыруы мүмкін «ниеттестер коалициясын» құру туралы айтты. Маңызды жайт: барлық тарап Ресейге аумақтық шегініс жасау мәселесі талқыланбайтынын атап өтті. Зеленский елдің тұтастығы мәселесінде берік ұстанымда және бұл жолы оны Вашингтон да, Брюссель де қолдады, — дейді Әділ Сейфуллин.
Оның пайымынша, ең қызықты жайт — Трамп апат өткен алдағы уақытта болуы ықтимал Зеленский мен Путин кездесуі.
— Әзірше, Мәскеу үнсіз. Бірақ, мұндай ишара фактісінің өзі дипломатиялық есіктің ашылғанын білдіреді. Қорытындылай айтар болсақ, бұл келіссөздер дайын бейбіт жоспар әкелмесе де, жаңа бағытты көрсетті: АҚШ пен Еуропа Украинаны НАТО-ға ресми мүше етпей-ақ, оны қолдаудың икемдірек тетігін іздеп жатыр. Бұл жағдайды бәсеңдетуге жасалған қадам болуы мүмкін. Дегенмен, соғысты нақты тоқтату жолы әлі де болса тым алыста, — деп түйіндеді ойын саясаттанушы.
Бұған дейін Fox News телеарнасына сұхбат берген АҚШ президенті Дональд Трамп Қырымның Украинаға қайтарылуы, ал Украинаның НАТО-ға кіруі мүмкін емес екенін айтқан болатын.