Барахолка базарларында жоспарсыз тексеру жүргізілуі мүмкін - Алматы ТЖД

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының барахолкасындағы базарларда жоспарсыз тексеру жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінде өткен баспасөз брифингі барысында Алматы қалалық ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айдос Нүсіпбаев мәлімдеді.
None
None

«Қазір бұрынғы «Олжа» базарында болған өрт орнында өрт сөндіру зертханасы және Алматы қалалық ІІД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себептерін анықтау үшін оған қатысты материал Алматы қалалық Ішкі істер департаментіне беріледі. Бұл жерде өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуынан бастап, қасақана өрт қоюға дейінгі барлық  болжамдар қарастырылатын болады. Егер өрттің шығу себептеріне қатысты, жоспарсыз тексеруге негіз табылып жаста, онда біз заң аясында барахолкадағы барлық базарларда жоспарсыз тексеру жүргізетін боламыз», - деді А. Нүсіпбаев.

Сонымен қатар, ол «Олжа» базарының қазіргі таңда «Алмалы» деп аталатындығын және онда қайта жабдықталғалы бері өрт қауіпсіздігіне қатысты тексеру жүргізілмегендігін жеткізді.

«Бұл базар 2012 жылдан 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығына дейін «Олжа» деп аталып келді. Ол «Құлагер» ЖШС тиесілі болатын. Базар 2013 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың соңына дейін жұмыс істеген жоқ. Өйткені, онда қайта құру жұмыстары жүргізілді. Алматы қалалық ТЖД 2016 жылдың мамыр айында осы базарда жоспарлы тексеру шарасын жүргізуді жоспарлаған болатын. Алайда, тексеру туралы мамыр айында базар басшылығына хабарлама берілген кезде, олар бізге базардың меншік иесіне қатысты заңды тұлғаның ауысқандығы, базардың енді «Шабдарбаев» Жеке кәсіпкерлігіне тиесілі екендігі және базардың «Алмалы» деп аталатындығы туралы анықтама берді. Осыған байланысты, Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, бұл базарда тексеру жұмыстары жүргізілген жоқ. Енді алдағы жоспарлы тексеру шарасы 2017 жылдың алғашқы жыртыжылдығына жоспарланатын болады», - деді А. Нүсіпбаев. 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар