Барак Обама қаржы реформасына білек сыбана кірісті

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама қаржы реформасын жалғастыруды қолға алды.
None
None

Екінші мәрте президенттік сайлауда жеңіске жеткен Президенттің қаржы саласындағы қызметтерге жаңа лауазымды тұлғаларды тағайындауы бұған дәлел болып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Б.Обама құнды қағаздарға қатысты операцияларды бақылайтын Федералды комиссия төрағасы қызметіне прокурор Мэри Джо Уайттың кандидатурасын ұсынды. Ол заң жүйесіндегі жоғары қызметте, атап айтар болсақ, Нью-Йорктің Манхэттен ауданының прокуроры болып жұмыс істеген алғашқы әйел. Ал тұтынушылардың қаржылық құқығын қорғаушы бюро директоры қызметіне екінші рет Ричард Кордрея тағайындалуы керек. Мемлекет басшысының пікірінше, қаржы бағдарламасын жүзеге асыру үшін әлі де көп жұмыс атқарылуы тиіс. Сонымен қатар ол америкалық инвесторларға барынша қолдау көрсету керектігін ерекше атап өтті. Уайт пен Кордреяның кандидатурасы жақын арада Конгресс сенатында мақұлданбақ.

Соңғы жаңалықтар