Барак Обама президенттік сайлауда жеңіске жететіндігіне сенімді

АТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Барак Обама егер АҚШ-тағы президенттік сайлау бүгін өтсе, онда республикалықтар атынан Мемлекет басшысы лауазымына кандидат болып тіркелген Массачусетс штатының бұрынғы губернаторы Митт Ромниді жеңетіндігіне сенімді.
None
None

ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы қазіргі әкімшілік басшысы Манхэттенде Демократиялық партияның сайлауалды қорына қаржы жинауға арналған шарада айтқан.

«Номад» қонақ үйінде өткен Обамамен кездесуге кіру билетін 35,8 мың доллардан сатып алған 60 адам келген. Осылайша бір мезетте партияның сайлауалды қорына 2,3 млн. доллардан астам қаржы салынды.

АҚШ Президенті елдегі ең ірі іскерлік орталықтардан демеушілік қаржы жинауға шындап кіріссе, оның басты қарсыласы Митт Ромни халықаралық беделін көтеру үшін Ұлыбритания, Израиль, Польша мемлекеттерін аралауда.

Гэллап қызметінің зерттеулерін сәйкес, қазіргі уақытта Обаманы да, Ромниді де АҚШ азаматтары тең қолдайды, яғни екеуін де жақтаушылар 46 пайыздан.

Соңғы жаңалықтар