Барак пен Мишель Обама R2-D2 және империялық шабуылдаушылармен биледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама және оның әйелі Мишель R2-D2 дроидімен және империялық шабуылдаушылармен биледі. Осылайша мемлекет басшысы әйелімен бірге сәрсенбі, 4 мамырда тойланған «Жұлдызды жауынгерлер» күнін атап өтті.
Обама мен фильм кейіпкерлерінің кездесуінің видеожазбасын Facebook-тегі Ақ үй парақшасы жариялады. Алты сағат ішінде роликті 2,3 миллион рет тамашалаған.
АҚШ-та ресми мереке болып табылмайтын «Жұлдызды жауынгерлер» күнін 4 мамырда атап өтеді, деп жазады lenta.ru.