«Барыс» Астанада «Сибирь» командасымен екі бақылау ойынын өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа маусымға дайындық аясында «Барыс» хоккей клубы Астанада Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасымен екі бақылау ойынын өткізеді.

Барыс ХК
Фото: Барыс ХК

Алғашқысы 1 қыркүйекте қазақстандық уақытпен 17:00–де басталса, екінші ойын 2 қыркүйекте 18:00–ге белгіленген.

Ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, биыл елордалық клубпен АҚШ хоккейшілері Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, Райли Уолш, Тайс Томпсон, канадалық Джейк Масси, ресейлік Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко және өзге де ойыншылар келісімшартқа қол қойды.

Қазақстандық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымда алғашқы үш ойынды елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар