«Барыс» бүгін «Автомобилист» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді.

Барыс - ЦСКА
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Кездесу бүгін, 22 қаңтар күні, елорда уақытымен сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 59 мәрте кездескен. Оның 37-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 52 ойыннан кейін 44 ұпаймен 19-орында тұр.

Ал, «Автомобилист» 55 ойыннан кейін 66 ұпаймен 8-орында келеді.

Елордалық клуб соңғы 10 ойынның алтауында қарсыластарына есе жіберді.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордада ЦСКА командасына есе жіберді.