«Барыс» бүгін елордада «Адмирал» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 23 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізеді.

 «Барыс» бүгін елордада «Адмирал» командасымен кездеседі
Фото: hcbarys.kz

Ойын елорда уақытымен 19:00–дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 35 мәрте кездескен. Оның 19-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Қазір турнир кестесінде «Барыс» 25 ұпаймен 23-орында тұрса, «Адмирал» 48 ұпаймен 15-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі тағы бір ойынын елордада өткізіп, 26 қаңтарда Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) клубымен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан он бірінші мәрте жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар