Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Барыс» бүгін елордада «Ак Барс» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform. 

Барыс
Фото: Kazinform

Кездесу бүгін, 6 қарашада күні, сағат 19:30-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 50 мәрте кездесті.

Оның 11-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 28 ойыннан кейін 23 ұпаймен 20-орында тұр.

Aл «Ак Барс» 26 ойыннан кейін 36 ұпаймен 5-орынға орналасты.

Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.

Еске салсақ, елордалық команда «Ак Барсқа» есе жіберіп қойды.