«Барыс» бүгін елордада «Cпартак» командасымен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 4 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді.

Ойын елорда уақытымен 19:20-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 32 мәрте кездескен. Оның 14-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі бес ойынын қатарынан сырт айдында өткізеді. Алдымен 6 желтоқсанда Реесйде «Северсталь» (Череповец), 8 желтоқсанда СКА (Санкт-Петербург) командасымен кездессе, одан кейін 17 желтоқсанда «Динамо» (Мәскеу), 19 желтоқсанда қытайлық «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің), 21 желтоқсанда «Трактор» (Челябі) клубтарымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Мәскеуде ЦСКА командасына есе жіберді.