«Барыс» бүгін елордада «Нефтехимик» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» бүгін елордада «Нефтехимик» командасымен кездеседі
Фото: из открытых источников

Кездесу бүгін, 18 қыркүйекте 19:30-да басталады.

Екі команда бұған дейін 41 мәрте кездесті. Оның 23-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Айта кетсек, елордалық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы бұдан бұрынғы алты кездесуінің 5-де жеңіліп, одан кейін елордада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасынан басым түсті.

Аталған кездесуден кейін елордалық клуб қатарынан үш ойынын сырт айдында өткізеді.

Алдымен 21 қыркүйекте Ресейде «Спартак» (Мәскеу) клубымен кездессе, одан кейін 23 қыркүйекте «Сибирь» (Новосібір), 25 қыркүйекте «Нефтехимик» (Нижнекамск) командаларымен шеберлік байқасады.

Ал елордада 16 қыркүйекте Ресейдің «Адмирал», 18 қыркүйекте «Нефтехимик» командаларын қабылдайды.