«Барыс» бүгін елордада Ресейдің «Авангард» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.

хоккей
Фото: Kazinform

Кездесу бүгін, 5 желтоқсан күні, сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 73 мәрте кездесті.

Оның 25-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 38 ойыннан кейін 31 ұпаймен 22-орында тұр.

Aл «Авангард» 37 ойыннан кейін 53 ұпаймен 3-орында келеді.

Айта кетсек, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын астаналық клуб Ресейдің «Северсталь» командасын овертаймда жеңді