«Барыс» бүгін елордада Ресейдің «Локомотив» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.

хоккей
Фото: Kazinform

Кездесу бүгін, 13 қазан күні, сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 30 мәрте кездесті.

Оның 10-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 17 ойыннан кейін 15 ұпаймен 19-орында тұр, ал «Локомотив» 17 ойыннан кейін 27 ұпаймен 1-орынға орналасты.

Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.

«Барыс» бұдан кейін тағы бір кездесуін өз алаңында өткізіп, 15 қазанда «Металлург» (Магнитогорск) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті.