«Барыс» бүгін елордада Ресейдің «Металлург» командасымен кездеседі
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.
Кездесу бүгін, 30 қарашада күні сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 71 мәрте кездесті.
Оның 25-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.
Турнир кестесінде «Барыс» 36 ойыннан кейін 27 ұпаймен 23-орында тұр.
Aл «Металлург» 37 ойыннан кейін 54 ұпаймен 1-орында келеді.
Айта кетсек, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.
Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб елордада «Витязь» командасына есе жіберді.