«Барыс» бүгін елордада Ресейдің «Трактор» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 24 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді.

"Барыс" хоккей клубы
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Ойын елорда уақытымен 19:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 59 мәрте кездескен. Оның 31-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласынан басым түсті.

Қазір турнир кестесінде «Барыс» 21 ұпаймен 22-орында тұрса, «Трактор» 50 ұпаймен 4-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі бір ойынын қатарынан елордада өткізіп, 26 желтоқсанда «Cибирь» (Новосібір) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы канадалық клубты ірі есеппен жеңді.

 

Соңғы жаңалықтар