«Барыс» бүгін елордада Ресейдің «Витязь» командасымен кездеседі

 Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.

«Барыс»
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Кездесу бүгін, 27 қарашада күні, сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 33 мәрте кездесті.

Оның 22-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 35 ойыннан кейін 27 ұпаймен 22-орында тұр.

Aл «Витязь» 35 ойыннан кейін 48 ұпаймен 21-орынға орналасты.

Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» овертаймда «Нефтехимиктен» басым түсті.