«Барыс» бүгін елордада «Торпедо» командасымен кездеседі
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.
Кездесу бүгін, 20 қарашада күні, сағат 22:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 39 мәрте кездесті.
Оның 22-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.
Турнир кестесінде «Барыс» 33 ойыннан кейін 25 ұпаймен 22-орында тұр.
Aл «Торпедо» 32 ойыннан кейін 40 ұпаймен 7-орынға орналасты.
Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.
Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Номад» командасы шайбалы хоккейден Құрлық кубогының финалына шықты.