«Барыс» бүгін «Куньлунь Ред Стар» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform. 

Барыс
Фото: Барыс ХК баспасөз қызметі

Кездесу бүгін, 22 қазан күні, сағат 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 23 мәрте кездесті.

Оның 18-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында қытайлық команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 21 ойыннан кейін 18 ұпаймен 20-орында тұр. Aл «Куньлунь Ред Стар» 23 ойыннан кейін 16 ұпаймен 21-орынға орналасты.

Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.

Елордалық клуб бұдан кейін 24 қазанда Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» командасы үш жеңілістен кейін жеңіске жетті.