«Барыс» бүгін Ресейде «Ак Барс» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 5 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді.

Хоккей Барыс Амур
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Ойын елорда уақытымен 19:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 55 мәрте кездескен. Оның 11-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі тоғыз кездесудің сегізінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Қазір турнир кестесінде «Барыс» 23 ұпаймен 22-орында тұрса, «Ак Барс» 54 ұпаймен 8-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі үш ойынын елордада өткізеді. Алдымен 19 қаңтарда Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 23 қаңтарда «Адмирал» (Владивосток), 26 қаңтарда «Ак Барс» (Қазан) клубтарымен ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» тоғыз ойын қатарынан жеңілді.

 

Соңғы жаңалықтар