«Барыс» бүгін Ресейде «Cочи» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 17 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Cочи» командасына қарсы өткізеді.

Хоккей
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Ойын елорда уақытымен 19:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Екі команда бұған дейін 21 мәрте кездескен. Оның 17-сi елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен. 

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласынаy басым түсті. 

Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі үш ойынын елордада өткізеді. Алдымен 20 қарашада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен кездессе, одан кейін 22 қарашада «Амур» (Хабаровск), 24 қарашада «Аавангард» (Омбы) клубтарымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб «Cалават Юлаевтан» жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар