«Барыс» бүгін Ресейде СКА командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 8 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізеді.

«Барыс» бүгін Ресейде СКА командасымен кездеседі
Фото: hcbarys.kz

Ойын елорда уақытымен 19:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 31 мәрте кездескен. Оның 7-еуі елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі алты кездесудің біреуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласынан басым түсті.

Қазір турнир кестесінде «Барыс» 21 ұпаймен 22-орында тұрса, «Северсталь» 42 ұпаймен 9-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі үш ойынын қатарынан сырт айдында өткізеді.

Алдымен 17 желтоқсанда Ресейде «Динамо» (Мәскеу) командасымен кездессе, одан кейін 19 желтоқсанда қытайлық «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің), 21 желтоқсанда «Трактор» (Челябі) клубтарымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Северсталь» командасынан жеңіліп қалды.

 

Соңғы жаңалықтар