«Барыс» бүгін Ресейде «Сочи» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сочи» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform. 

«Барыс» бүгін Ресейде «Сочи» командасымен кездеседі
Фото: "Барыс" ХК баспасөз қызметі

Кездесу бүгін, 20 қазан күні, сағат 22:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 18 мәрте кездесті.

Оның 11-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 20 ойыннан кейін 16 ұпаймен 20-орында тұр. Aл «Сочи» 20 ойыннан кейін 23 ұпаймен 9-орынға орналасты.

Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.

Елордалық клуб бұдан кейін 22 қазанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің), 24 қазанда Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, елордалық клуб бұдан бұрын Ресейде «Лада» командасынан жеңіліп қалды.