«Барыс» бүгін Ресейде «Торпедо» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 28 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына қарсы өткізеді.

«Барыс»
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Ойын елорда уақытымен 21:30-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 41 мәрте кездескен. Оның 22-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына жіберді.
Қазір турнир кестесінде «Барыс» 21 ұпаймен 22-орында тұрса, «Трактор» 39 ұпаймен 14-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі бір ойынын сырт айдында өткізіп, 30 желтоқсанда Ресейдің «Cалават Юлаев» (Уфа) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Cибирьге» жеңіліп қалды.