«Барыс» бүгін СКА командасымен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу бүгін, 24 қаңтар күні елорда уақытымен сағат 22:30–да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 29 мәрте кездескен.
Оның 7-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.
Турнир кестесінде «Барыс» 53 ойыннан кейін 44 ұпаймен 19-орында тұр.
Ал, СКА 54 ойыннан кейін 73 ұпаймен 5-орында келеді.
Елордалық клуб соңғы 10 ойынның алтауында қарсыластарына есе жіберді.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб «Автомобилист» командасына есе жіберген еді.