«Барыс» бүгін ЦСКА командасымен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу бүгін, 19 қаңтар күні, елорда уақытымен сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 30 мәрте кездескен. Оның 10-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.
Турнир кестесінде «Барыс» 51 ойыннан кейін 44 ұпаймен 19-орында тұр.
Ал, ЦСКА 51 ойыннан кейін 56 ұпаймен 14-орында келеді.
Елордалық клуб соңғы 10 ойынның алтауында қарсыластарына есе жіберді.
Еске салсақ, бұдан бұрын буллитте «Салават Юлаевты» жеңіп кетті.