«Барыс» буллитте «Автомобилист» командасынан басым түсті

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Автомобилист» (Екатерибург) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Kazinform.

«Барыс» Ресейде «Металлург» командасына есе жіберді
Фото: Kazinform

Екі команда бұған дейін 58 мәрте кездесті. Оның 36-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 26 ойыннан кейін 21 ұпаймен 20-орында тұрған еді.Оған қ оса астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді. Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.

Сондықтан бүгінгі кездесуде елордалық команда жеңіске жетуге бар күшін салды. Нәтижесінде олардың қатарынан Михаил Рахманов 9-минутта есеп ашса, «Автомобилист» хоккейшісі Андрей Обидин 13-минутта таразы басын теңестірді.

Ал 35-минутта Максим Мусоров қайтадан «Барысты» алға шығарса, ресейлік клубтан Андрей Голышев 42-минутта соққан голдан кейін қайтадан таразы басын теңесті.

Ойынның негізгі кезеңі мен овертайм 2:2 есебімен тең аяқталып, буллитте «Барыс» жеңімпаз болды.

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, қатарынан төрт ойын сәтсіздіктен кейін жеңіске жетті.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 4 қарашада Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Металлург» командасына есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар