«Барыс» елордада «Ак Барс» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 5 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді.

Барыс
Фото: hcbarys.kz

Ойын елорда уақытымен 19:30-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 54 мәрте кездескен. Оның 11-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі алты кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі бір ойынын елордада өткізеді. 7 қараша күні «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» буллитте «Нефтехимиктен» басым түсті.

Соңғы жаңалықтар