«Барыс» хоккей клубының сапынан екі ресейлік шабуылшы кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Елордалық клуб екі легионермен қош айтысты. Бұл туралы «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады. 

барыс
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Команда сапынан шабуылшы Владислав Кодола және Даниил Апальков кетті. 

Даниил «Барыс» командасының сапында 46 рет мұз айдынына шығып, 17 (8+9) ұпай жинады. Ал Владислав аталған клуб жейдесінде 12 ойын өткізді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ғалым Мәмбетәлиевтің «Барыс» командасына бас бапкері болып тағайындалғанын жазған едік. Сондай-ақ «Барыс» командасының бас директоры тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар