«Барыс» тағы жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізді.

хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Биыл ресейлік клуб жақсы ойын өрнегімен көзге түсіп келеді.

Турнир кестесінде 60 ойыннан кейін 84 ұпаймен 4-орында тұр. 

Плей-офф сатысына берілген жолдаманы қалтаға басып үлгерді.

хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Есесіне «Барыс» жарыстың алдағы сатысына шығу мүмкіндігінен алыстап кетті. 

Турнир кестесінде «Барыс» 59 ойыннан кейін 44 ұпаймен 22-орынды місе тұтып тұрған жайы бар.

хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Бүгінгі кездесу барысында командалар алғашқы екі кезеңде есеп аша алған жоқ.

хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Үшінші кезеңді қазақстандық команда сәтті бастады. Ойынның 41-минутында «Барыс» хоккейшісі Нельсон Ножье мергендік танытты.

Ойынның негізгі кезеңінің бітуіне небәрі 52 cекунд қалғанда СКА хоккейшісі Александр Никишин таразы басын теңестіріп кетті.

Негізгі кезеңі 1:1 есебімен аяқталып, ойын овертаймға ұласты.

хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте СКА командасы жеңіске жетті. 

Қазақстандық ұжым бұдан кейінгі ойында елордада 10 ақпанда «Спартак» (Мәскеу) клубымен ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыстың» сегізінші жеңілісі жайлы жазған болатынбыз. 

хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар